Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – Арыстағы жарылыстан қаза тапқандар саны 3-ке жетті. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.
«Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, медициналық көмекке 70 адам жүгініп, олардың 45-і ауруханаға жатқызылған, 3 адам қайтыс болды»,– деді Нұрсұлтан Нұрахметов.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі адам көз жұмғаны белгілі болған еді.