Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстағы жарылыстың ықтимал себептері аталды

Арыстағы жарылыстың ықтимал себептері аталды

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Қазіргі уақытта алдын ала нұсқалар қаралып жатыр, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтамауда бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас әскери прокуратура басшысының орынбасары Дархан Ержанов айтты.

Оның айтуынша, оқ-дәрілері бар қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі тексеріледі, жарылғыш заттардың дұрыс жиналуы, қоймаларда анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жоюы. Егер олай болмаса, онда жекелеген әскери қызметшілердің әрекетсіздігі туралы мәселе туындайды.

Ол Арыс қаласындағы оқ-дәрілердің жарылысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«ҚР қылмыстық кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес  «абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет, Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, радиоактивтi материалдармен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу» бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы дерекке қатысты ІІМ тәжірибелі мамандарынан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды», - деді Ержанов.

Похожие материалы