Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Арыс қаласы көшелерінен 5700-ден астам қауіпті жарылғыш зат жиналды,- деп хабарлайды Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Арыста әлі де жарылғыш заттардан тазаланбаған секторлар мен көшелер бар. Билік жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары сенбіге дейін жалғасатынын жеткізді.
«Түркістан облысы мен Шымкент қаласында құрылған 66 эвакуациялық пунктте бүгінде 13 187 арыстық тұрғын орналастырылды. Оның 7249-ы Шымкентке, 5938-і облысқа бөлінді. Медициналық көмекке 277 адам жүгініп, оның 74-і ауруxанаға жатқызылды. Қайтыс болған адамдар саны – 3», - делінген хабарламада.