Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстанбек Мұхамедиұлы тірі ме?

Арыстанбек Мұхамедиұлы тірі ме?

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Кейбір желі қолданушылары өз-өзіне қол жұмсаған Мұхамедиұлы қайтыс болыпты деген хабар таратты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ал Арыстанбек Мұхамедиұлының жанында бірнеше жылдан бері бірге жүрген көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай ондай алыпқашпа деректерге сенбеуге шақырып, экс-министрдің аман екенін жеткізді.

«Бүгін таңертеңнен бері "Арыстанбек Мұхамедиұлы өмір озды" деген жалған ақпараттар мен алыпқашпа хабарландырулар кеңінен таратылып жатыр. Бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлай отырып, жеке тұлғаның өмірі жайлы жалған мәлімет тарату, бұқара халыққа теріс ой салуға әрекет ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз», - деп жазды Айдар Қырықбай.

16 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тексеру басталғаны айтылған. Артынша Ұлттық музей директоры қызметін атқаратын Мұхамедиұлы президенттен көмек сұраған видеоүндеуі тарады. Одан кейін музей директоры өз-өзіне қол салыпты деген мәліметтер шықты.

Көп ұзамай Арыстанбек Мұхамедиұлының Нұр-Сұлтан қалалық №2 ауруханаға жеткізіліп, ота жасау бөлімінде екені айтылған.  

Похожие материалы