Астана. 22 қараша. 7kun.kz – Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – деп хабарлады сот өкілі.
Еске салайық, 2022 жылғы мамырда экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен, қамауға алынған еді.