
Астана. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген Астана қаласы сотының хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылғы мамырда экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен, қамауға алынған еді.