Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz – Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«2023 жылдың 17 қаңтарында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», – деп хабарлады Астана қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 2022 жылғы мамырда экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен, қамауға алынған еді.

Похожие материалы