Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық істері мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген

Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық істері мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыр» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде», – делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілуде.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге.

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 26 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Похожие материалы