Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстықтар жеке мүлік ұрлығына шағымдануда

Арыстықтар жеке мүлік ұрлығына шағымдануда

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Арыс қаласының тұрғындарынан жеке мүлікті ұрлауға қатысты 85 арыз түскен. Бұл туралы ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер хабарлады.

"48 жедел-тергеу тобы құрылды. Олар қаланың барлық көшелерінде орналасқан, осылайша, азаматтар өз үйлеріне барып, қандай да бір кемшіліктерді анықтап, полиция қызметкерлеріне арыз-шағым жасауға мүмкіндік алады. Бізге 85 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке мүлікті ұрлауға қатысты", – деді Беккер.

Полиция қызметкерлерімен жұмыс істегеннен кейін, қосымша сұрақтар қойылғаннан соң 13 азамат өз арыздарын алып кетті. Оның айтуынша, қала тұрғындарының бірі екі миллион теңгеге жуық ақша ұрлығына арызданған.

"Арызбен келіп, тартпасында 1,8 млн теңге болғанын айтады. Ақша жоқ, бір жерге жоғалып кетіпті...Өкінішке қарай, азаматтар шағымданса болды, шығынды өтейді деп үміттенеді", - деп түйіндеді ТЖК басшысы.

Еске сала кетейік, Арыс қаласының әскери қоймасындағы жарылыс 24 маусым күні таңертең басталды. Сол күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылдады. ТЖ салдарынан үш адам қаза тапты. Медициналық көмекке 409 адам жүгінген. Оның ішінде 329 адам амбулаторлық емделуге жіберілді, 80 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13-і бала.

Ал 27 маусымнан бастап көшірілген қала тұрғындары өз үйлеріне оралды.

Похожие материалы