Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыздың жылдық өсімін растады

Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыздың жылдық өсімін растады

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - Қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды жыл сайын ұлғайту үрдісін растады, деп хабарлайды LS корреспонденті.

Вице-министр Берік Шолпанқұлов бұл өсудің ненің арқасында болып жатқандығын түсіндірді.

«Мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы туралы көптеген сұрақтар бар. Шын мәнінде, өсім үрдісі байқалады. Борыш құрылымындағы негізгі үлесті үкімет алады. Оның мөлшері жыл сайын қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттің дефицитін қаржыландыру көлеміне қарай артады», - деді Шолпанқұлов.

Вице-министрдің айтуынша, Қаржы министрлігінің бүгінгі міндеті орта мерзімді перспективада 2020 жылға қарай мемлекеттік бюджет тапшылығын 1%-дан 11%-ға төмендету болып табылады.

«Биылғы жылы республикалық бюджет дефицитінің көлемі ЖІӨ-нің 1,5%-ын құрады. 2017 жылы 2,6% болған. Яғни, көріп отырғанымыздай төмендеу үрдісі байқалады. Алдағы уақытта қарыздар валюталық тәуекелдерге тәуелді болмау үшін ішкі капитал нарығына бағдарланатын болады», - деп атап өтті министрліктің өкілі.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы да бақылауға алынды және 2018 жылдан бастап бақылау Қаржы министрлігі есебінен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның сыртқы қарызы артып келеді. 2018 жылдың басында ол 167,5 млрд долларды құрады.

Похожие материалы