Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы министрлігі: жекешелендіру қалай жүргізіліп жатыр?

Қаржы министрлігі: жекешелендіру қалай жүргізіліп жатыр?

2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 303 нысан жекешелендіруге тиісті еді. Нақтырақ айтқанда, 24 сәуірге дейін 282 нысан сатылымға қойылды. Оның ішінде 160 нысан сатылды деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық меншіктен - 7 нысан, коммуналдық меншіктен - 68, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациядан (ӘКК) - 48 және холдинг нысандарынан 37-сі сатылды. Негізінен сату кестесі бойынша, 2014-2015 жылдарға 492 нысанды сатылымға шығару жоспарланған. Саудадан түскен қаражат көлемі мынадай болды: республикалық бюджетке 730 млн, облыстық бюджеттерге 745 млн, холдингтерге 745 млн, ӘКК-ге 2 915 млн теңге түскен. 2014-2015 жылдарға жоспарланған кесте бойынша, республикалық меншіктен 34 нысан жекеге өтуі тиіс еді. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуір айы аралығында 18 нысанды жекешелендіру жоспарланған. Ал, 24 сәуір күнгі көрсеткіш бойынша, 18 нысан сатылымға шығарылып, оның ішінде 7 нысан сатылды. Коммуналдық меншік бойынша, 2014-2015 жылдарға 243 нысанды сату жоспарланған. Өткен жылдың маусымы мен ағымдағы  жылдың сәуірі аралығында 141 нысан жекешелендірілуі тиіс еді. Нақты саудаға қойылғаны - 135, оның 68 нысаны жекеге өтті. ӘКК бойынша, 2014-2015 жылдарға 109 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусымы  мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 75 нысан жекешелендіруге тиісті болатын. 24 сәуірге дейін 64 нысан сатылымға шығып, 48 нысан сатылды. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша, 2014-2015 жылдарға жоспарланған нысандары саны - 106. Нақты сатылымға қойылғаны - 69 нысан болса, сатылғаны - 37.

Похожие материалы