Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы тағайындалды

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы тағайындалды

Астана. 20 қаңтар. 7kun.kz - Әнуар Жұмаділдаев қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның твиттердегі ресми аккаунтында хабарланды. 

Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев 1965 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі кентінде туған. П. Лумумба атындағы Ресей Халықтар достығы университетін (1990), математик; Батыс Қазақстан инженер технологиялық университетін (2006) бітірген, қаржыгер.

2008 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым және ақпараттық қауіпсіздік мониторингі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бастығы. 2008 жылдың желтоқсанынан - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алкоголь, темекі және езге акцизделетін енімді әкімшілендіру басқармасының бастығы, Акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы.

Похожие материалы