Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы пирамидаларының белгілері

Қаржы пирамидаларының белгілері

Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанда 30-ға жуық қаржы пирамидасының әрекетіне тоқтау салынды. Алаяқтардың кесірінен халыққа 1 млрд теңгеден астам cомаға залал келген. Алайда адамдар соған қарамастан қаржы пирамидаларына сенуін тоқтатар емес. Мұның соңы жеке қаражатынан айырылумен аяқталады.

Тегін ақша жерде жатпайтынын ескерсек, аяқ асты байып кету туралы ұсыныстың тек шығын шектіретінін ұмытпаңыз. Дәл қазір назарларыңызға қаржы пирамидаларын қалай тануға болатынын ұсынамыз. Мұқият жаттап алыңыз.

  • Қаржы пирамидасын құрушы ұйымның көпшілігінің лицензиясы болмайды және оның қажет еместігіне сізді сендіруге тырысады.
  • Салымшыларға жоғары кірісті уәде етеді. Немесе жоғарыдағыдай қарызыңыдан мүлдем құтылатыныңызға сендіреді.
  • Жарнамаларында жоғары табыс инвестициялаудың супер жаңа түрлері арқылы келеді дегенді жиі айтады
  • Салымшыларды көп ойланбай, тезірек ақшасын шотқа салуға итермелейді
  • Сіздің қаражатыңыз тағы бірнеше адам әкелсеңіз, екі-үш есе болып бірден қайтарылады деген ұсыныс жасауы мүмкін
  • Келісім-шартта егер компания қызметі тоқтаған жағдайда салымшыға ешбір ақша төленбейтіндігі ескертіледі
  • Компания туралы мәліметтерді құпи сақтап, ешкімге жария етпеуге тырысады
  • Клиенттерден ақпаратты жария етпеу туралы қолхат алынады
  • Сайттары әсіре жарнамаға толы болады.

«Пирамидашылардың» құрбаны болмас үшін бұл «қаржы институтының» негізгі белгілерін білу қажет. Ең алдымен, жоғары пайыздық табысқа уәде беретін ұйымдарға сенудің қажеті жоқ. Компания ұйымдастырушылардың құпиялылығы мен лицензиясының жоқ екендігін де назардан тыс қалдырмаңыз. Қаржы пирамидалары көп жағдайда қатысушылардан коммерциялық құпияны жарияламау туралы қолхат алады. Қандай жағдай болмасын мұндай құжаттарға қол қоймаңыз. Ең бастысы, ақшаңызды барынша қауіпсіз жерде сақтауға тырысыңыз. Қаржылай сауатты болыңыз! Бұл сіздің қаражатыңызды жоғалтып алмауға кепілдік.

Похожие материалы