Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржылық сауаттандыру жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр

Қаржылық сауаттандыру жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр

Астана. 6 наурыз. 7kun.kz – Екібастұзда Астана қаласы «Серпін» медиаорталығының лекторы Нұрлан Досымовтың «Тыңдаушыларды қаржылай сауаттандыру» тақырыбындағы екінші республикалық семинары өтті. Бұл туралы serpin.kz хабарлады.

Инновация айналымға еніп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға 45 мектеп және 25 мектепке дейінгі оқыту мекемелері де қатысады.

Қаланың білім беру бөлімі мен «Серпін» орталығы жасаған жоспарға сәйкес, мектепке дейінгі, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары арасында ең үздік бағдарламаға байқау жарияланды.

Қалалық сарапшылар кеңесі үздік жұмыстарды іріктегеннен кейін, мектептерде апробация басталады. 2017-2018 оқу жылдарының бірінші қыркүйегінен бастап, аталған факультативті курс білім алу мекемелеріне енгізіледі.

Мотивация және ата-аналар мен қоғамның пікірін білу үшін сауалнамалар мен конкурстар жүргізіледі. Ал жоғарғы сынып оқушылары жеке қаржылық жоспар құрып эссе жазады.

Алдағы уақытта Қазақстандағы еріктілер альянсымен біріге отырып еріктілер қозғалысын жасау жоспарланып отыр.

Похожие материалы