Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын ұйым құрылады

Қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын ұйым құрылады

3 наурыз. Алматы. 7kun.kz – Елімізде қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын қоғамдық қор құрылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Іскерлік журналистика мектебінің» түлектерін марапаттау рәсімінде «Qazaq Media Group» компаниясының директоры Ербол Азанбек мәлімдеді.

«Қор іскерлік журналистиканы дамытумен қатар, халықтың қаржылық сауаттын арттыруға мән береді. Биыл қазақ тілінде, түсінікті тілмен жазылған «Банк клиентінің анықтамалығы», «Отбасылық бюджет» атты кітапшаларды жарыққа шығармақпыз.

«Адамдар банкке барғанда, кредит аларда, депозит ашарда нені білуі керек, олар туралы ақпаратты қайдан ала-алады. Кітапшалар осы бағытта ақпарат береді. Сонымен қатар қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындауды жалғастырамыз», — деді ол қор қызметі туралы.

Похожие материалы