Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржылық жаһандану 2.0

Қаржылық жаһандану 2.0

ВАШИНГТОН – 2007 жылы тамызда басталған қаржы дағдарысынан кейінгі онжылдықта жаһандық қаржы саласының контурлары күрт өзгерді. Соңғы он жыл ішінде трансшекаралық капитал ағындарының жалпы құны 65 пайызға төмендеді, бұл әсіресе банк секторында халықаралық белсенділіктің төмендеуінен болды.

Біз осы сандардың жаһандық қаржы саласының жағдайы туралы қандай мәлімет бере алады деп ойландық. Олар «қаржылық жаһанданудың» - яғни капиталдың халықаралық қозғалысы, кері қайтарылғанын дәлелдеп тұр ма? Ал егер солай болса, бұл жаман жаңалық па?

Қазіргі қысқартулар қаржы көпіршігі 2007 жылы жарылғанда, үлкен тәуекелдерді біле тұра, оларды қабылдамаудан тұындады. Бірақ, McKinsey Global Institute жаңа зерттеуіне сәйкес, нәтижесінде жаһандық қаржы интеграцияның неғұрлым тұрақты нұсқасы пайда болған.

Дағдарысқа дейін, трансшекаралық банк бизнесі белсенді түрде дамыды, әлемдегі ең ірі банктер халықаралық деңгейде кеңейіп, бір-бірінен көбірек несие алып, және басқа шетел активтеріне инвестиция салды. Мысалы, еуро пайда болғанынан кейін, еуроаймақ банктерінің күшті экспансиясы басталды. Еуроаймақ банктерінің (және олардың бөлімшелерінің) сыртқы талаптары 2000 жылғы 6,6 трлн доллардан 2007 жылы 23,4 трлн долларға өсті. Ең маңыздысы, бұл өсімнің басты бөлігі еуроаймықтың өзі ішінде болған, онда интеграцияланған Еуропалық банк нарығы құралып, бұл кейбір адамдарды бір жалпы валюта мен ортақ ережелерді енгізу елдердің жеке тәуекелдерінің жоюлуына апарады деп сендірді.

Бүгінде көптеген қаржы мекемелері ұтымды бизнес стратегияларын басшылыққа алудан гөрі басқалардың артынан ойланбастан еруді жөн көргені анық. Содан кейін, Америка Құрама Штаттарындағы қаржы дағдарысы, ал кейіннен Еуроаймақтағы өз дағдарысы салдарынан ірі әлемдік банктер шетелдегі жұмыстарын азайтты, олар шетелдік бизнестерін сатты немесе одан шықты, және бұрын берілген несиелер мерзімін ұзартпады. 2007 жылдан бастап жаһандық банктер кемінде 2 триллион долларға тең активтерін сатты.

Швейцариялық, британдық және американдық банктердің барлығы осы артқа шегеруге қатысты, бірақ еуроаймақтағы банктер осы жағдайдың дәл эпицентрінде болды. Дағдарыс басталғаннан бері еуроаймағындағы банктер өз штетелдік талаптарын 7,3 трлн долларға дейін, яғни 45% -ға қысқартты. Олардың жартысы еуроаймақтағы қарыз алушылар, әсіресе банктердің азайған қоржыны. Еуроаймақтағы несиелеу жеке отандық несиелеуге тең деген ойлар жоққа шығарылды.

Қаржылық дағдарыс дамыған сайын, жеке сектор қаупі көбейді - «есептен шығарып тастау» жобалары мен банкроттарға қаржылық көмек көрсетуге қатысу. Тәуекелдер тұрғысынан, банктердің ауқымдылық және нарықтық білім жағынын артықшылығы бар ішкі нарықтар аса тартымды бола түсті. Мысалы, Германияда, елдің үш ірі банктерінің активтеріндегі жалпы шетелдік активтер үлесі 2007 жылы 65% -дан 2016 жылы 33% -ға дейін азайды. Және мәселе жалпы баланстар төмендеуіне қатысты емес, себебі сол кезеңде ішкі активтер 70% -ға өсті.

Нәтижесінде, Еуроаймақта және одан тыс жерлерде әлдеқайда тұрақты банк жүйесі пайда болды. Банктерден өз капиталдарын қайта құру талап етілді, ал өтімділіктің жаңа ережелері аса көп несиелеу мен осалдықты азайтты. Стресс-тестілеу және қайта қалпына келуге дайындық секторды оның тірі қалуы мен күрделілі құралдардар бас тартуға апарды. Осының бәрі шетелдік операциялардың да тартымдылығын азайтты.

Трансшекаралық капитал ағындарының түрлерінің көбеюі де үлкен тұрақтылықтың пайда болғанын білдіреді. Трансшекаралық несиелендірудің жалпы жылдық ағымы үштен екіге қысқарды, ал тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) жағдайы жақсарды. ТШИ капитал ағынының ең тұрақты түрі болып табылады себебі компаниялар ұзақ мерзімді, стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Қазіргі уақытта тікелей және қоржындық инвестициялары трансшекаралық капитал ағындарының 69% -ын құрайды, ал 2007 жылы олардың үлесі 36% болған.

Тұрақтылықтың тағы бір қорытынды белгісі ретінде жалпы капитал мен қаржы-есеп сальдосын қоса, жаһандық теңгерімсіздік қысқаруын атап өтуге болады. Осы теңгерімсіздік 2007 жылғы ЖІӨ-нің 2,5% -ына тең деңгейден 2016 жылы 1,7% -ға дейін төмендеді. Алайда қалған тапшылықтар мен артықшылықтар дағдарысқа дейінгіге қарағанда көбірек елдер арасында бөлінген. 2005 жылы АҚШ жаһандық капиталдың таза ағындарының 67% -ын игерді. 2016 жылға қарай бұл үлес екі есеге азайған. Сонымен қатар, Қытай 2005 жылы әлемдегі таза капиталдың 16% -ын құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1% ғана болды. Ал Германия мен Нидерланды сияқты кейбір елді қоспағанда, еуроаймақтағы теңгерімсіздік де төмендеді. Бүгінде дамушы елдер қайта капитал импортерлеріне айналды.

Айтылып өткен ешбір пікір не мағлұматты алаңдатушылықты азайтуға арналған деп ойламаңыз. Неғұрлым тығыз өрілген жаһандық қаржы жүйесінде ауруға шалдығу қаупі артта түседі. Асқынулар да әрдайым қайта орала алады; кейбір дамыған елдерде жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар нарықтары экономиканың орташа өсу қарқынына қарамастан, жаңа аса жоғары деңгейге көтеріліп жатыр. Жалпы капитал ағымдарының құбылмалылығы алаңдатушылықтың басты себебі болуда. 2010 жылдан бастап дамушы елдердің үштен бірі және дамыған елдердің үштен екісі жалпы капитал ағындарының елеулі өзгерістері мен құбылмалылығын бастан кешті. Кредиттік ағындар әсіресе тұрақсыз болды; елдердің 60% -нан астамы жылдық ауытқудың белгілі бір деңгейіне жетті, ал дамыған елдер үшін өзгерістердің орташа мөлшері ЖІӨ-нің 7,7% -ын құрады, ал дамушы елдер үшін ЖІӨ-нің 3% -ын құрайды.

Кейбір сарапшылар жүйеде тəуекелдіктерді шектеу үшін одан əрі көбірек шара жасалуы керек деп санайды; олардың ресим банктерден көлеңкелі банктерге тәуекелдерді ауыстыру керек деген ойлары да дұрыс шығар. Бірақ, тұтастай алғанда, барлық жерде өскелең тұрақтылықтың белгілері бар. Бұл соңғы онжылдықта қабылданған шаралар арқасында, келесі сөзсіз орын алатын дағдарыстың соққысы келген кезде, жүйе бұрынғыдай әлсіз болмайтынын білдіреді.

Авторлар туралы: Ганс-Гельмут Котц - Франкфурттағы Гете Университетіндегі SAFE Policy Center бағдарламасының директоры, Еуропалық зерттеулер орталығының тұрақты мүшесі және Гарвард университетінің келуші экономика профессоры.

Сьюзен Лунд - McKinsey & Company серіктесі және McKinsey Global Institute көшбасшысы.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Похожие материалы