Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық қолдауымен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы академиясы «Қаржылық журналистика бойынша жазғы мектеп» оқыту бағдарламасына қатысу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2016 жылы тамызда Алматы және Астана қалаларында өтеді.
Оқыту курсы аясында АӨҚО Академиясы сарапшылары жасаған қаржылық және зейнетақылық тақырып бойынша түрлі модульдар көзделген.
Бағдарламаның мақсаты: пікір көшбасшылары ретіндегі журналисттердің қаржылық хабардарлығы деңгейін арттыру.
Өңірлік қатысушылар үшін жол жүру және тұру шығындарын өтейтін 4 грант көзделген.
Конкурс талаптары мен мерзімі:
- Конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық журналистері мен блогерлері шақырылады.
- Конкурсанттарға 1000-1500 белгіден (ашық жермен) кем емес «Неліктен мен зейнетақы жүйесі туралы көп білгім келеді?» тақырыбында пост жазуы керек.
- Постты 2016 жылдың 27 шілдесіне дейін (12:00 сағатқа дейін) Facebook, VK, Instagram әлеуметтік желілерінде жариялау керек, #mypensionkz хэштегі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
- Сарапшылар комиссиясы конкурстық өтінімдерді 2016 жылғы 1 тамызға дейін қарастырады.
- Бағдарламаның барлық қатысушылары үшін оқу тегін. Өңірлерден келген конкурстың жеңімпаздары үшін жол жүру және тұру шығындарын өтейтін 4 грант көзделген. Егер өңірден келген үміткер грант алмай, бірақ оқығысы келсе, онда шығындарын өзі өтейді.
Конкурс қорытындылары бойынша қатысушылар АӨҚО қаржылық журналистика бойынша білім алғаны туралы сертификаттарға ие болады.
Толыққанды ақпарат алу үшін + 7 707 127 721 0 телефоны немесе e-mail:z.abdenova@mail.ru бойынша жоба менеджері Зарина Әбденоваға хабарласуыңызды өтінеміз.