Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Асқар Мамин Қазақстан-Қытай бірінші Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Асқар Мамин Қазақстан-Қытай бірінші Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Астана. 12 қыркүйек. 7kun.kz — 11-12 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қытайдың Наньнин​ ​қаласында "China-ASEAN Expo" көрмесі аясында өткен Қазақстан-Қытай І Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанның барлық 16 өңірі түрлі провинциялардағы Қытай компанияларымен іскерлік байланыс орнатқан және бірлесіп іске асырып жатқан жобалар бар. Қазақстанның XIV Экспо​​ «Қытай-АСЕАН»​ жұмысына қатысуы «Нұрлы жол» және «Жібек жолы Экономикалық белдеуінің», Қазақстанның, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы мүшелерінің даму бағдарамаларын одан әрі ұштастыруға қосымша серпін береді",​ - деді Асқар Мамин.

Форум аясында "Kazakh Invest" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев пен "Silver Tiger Capital" компаниясының басшысы Цуй Лунфэй $250 млн капиталдандырумен бірлескен Инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы