Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қашаған кен орнындағы NCOC операторы EXPO-2017 обьектілерін салуға көмек береді

Қашаған кен орнындағы NCOC  операторы EXPO-2017 обьектілерін салуға көмек береді

Қашаған кен орнының North Caspian Operating Company (NCOC) операторы Қазақстанға Астанадағы EXPO-2017 обьектілерін салуда қаржылай көмек көрсетеді.«Қазақстан үкіметі мен Солтүстік Каспийлік консорциумның қатысушылары арасында қол қойылған келісім-шарт бойынша бірнеше жылға өндірістік, қаржылай және экологиялық мәселелер шешімін тапқан. Келісім шарттары көпшілікке жарияланбайды. Алдағы түсініспеушіліктерді шешу үшін, консорциум Маңғыстау және Атырау облыстарындағы инфрақұрылым және социалдық маңыздағы жобалар мен  EXPO-2017 обьектілерін салу кезінде Астанаға көмек көрсетуге келісім берді»,-делінген консорциум таратқан хабарламада. Консорциум Қазақстанның заңдық нормалары мен халықаралық ережелер мен стандарттар бойынша жұмыс істейтіндіктерін атап өтті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, EXPO-2017 обьектілерінің құрылысын қаржыландыру компанияға салынған экологиялық айыппұл есебінде жүргізіледі. Осыған дейін, Атырау облысындағы экология департаменті Қашағандағы апаттан қоршаған ортаға зиян келгені үшін, сот арқылы NCOC және Agip KCO-дан 134,2 млрд тееңге талап етпекші екендері хабарланған еді.

Похожие материалы