Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – 2017 жылдың желтоқсан айының басында Қашаған 7,3 млн тонна мұнай өндірді. Олар күткеннен 46 пайызға артық көрсеткіш болып шықты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.
Министрдің айтуынша, тау-кен өнеркәсібінде мұнай өндірудің (10,9 пайыз) және табиғи газдың (10 пайыз) екі есе өсуі есебінен өсім 9,6 пайызды құрап отыр.
«Өнеркәсіптегі ең үлкен өсім Атырау облысында 21,4 пайыз деңгейінде байқалды. Бұл Қашағандағы тұрақты мұнай өндіру есебінен қамтамасыз етілді. 2017 жылдың 11 айында 7,3 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл бастапқы жылдық жоспардан 5 млн тоннаға, яғни 46 пайызға өсті », - деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, Қызылорда облысы теріс аймақта қалып отыр. Онда небәрі 3,9 пайыз өндіріледі. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында да төмен деңгей - 0,4 пайыз. Бұл қорлардың сарқылуы салдарынан мұнай өндірісінің төмендеуіне соқтырып отыр.
Бұдан басқа өңдеу өнеркәсібінің өсуі 5,2 пайызды құрады. Фармацевтикалық өнімдер (өсім 42,1 пайыз), жиһаз өндірісі (9,8 пайыз), жеңіл (8,1 пайыз) және металлургия (6 пайыз), тазартылған өнімдер 5,5 пайыз), азық-түлік өнімдері (4,3 пайыз) және сусындар (4,1 пайыз), машиналар (5,9 пайыз).