Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қашағандағы құбыр ауыстыру 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады

Қашағандағы құбыр ауыстыру 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады

Қашағандағы құбыр ауыстыру жоспар бойынша 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев.

«Құбыр төсеу – үлкен жұмыс. Оларды  жеткізу қажет, тапсырыс беру қажет – бұл құбырлар арнайы қорытпадан дайындалған, алдыңғы негативті тәжірибені есепке алатын болсақ, бұл арнайы дәнекерлеу техникасы. Бір сөзбен айтқанда, D аралынан «Болашақ» кешеніне дейінгі құбыр ауыстыру жұмыстары 2016 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады», - деді ол  дүйсенбі күні Астанада өткен брифингте. Атқарылған жұмыстарды, жасалған келісімдерді есептесек жобаның уақытында аяқталуына ешқандай кедергі жоқ. Бұған дейін хабарланғандай, ірі Қашаған мұнай-газ өндіру кен орнындағы мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталған. Алайда 24 қыркүйек күні газөткізгіштерді жоспарлы тексеру кезінде «D» аралынан «Болашақ» зауытына тартылған жерүсті құбырында газ көлемінің кемуі анықталды. Осыған байланысты кен орнын пайдалану жұмыстары уақытша тоқтатылды. 6 қазан күні Қашаған кен орнының жұмысы қайта жанданған болатын,бірақ 9 қазанда газдың кемуі қайта байқалып, өндіріс тағы тоқтады. Содан бері әлі іске қосылған жоқ. Қашаған кен орнын AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,88%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%), Total EP Kazakhstan (16,81%)  және  CNPC Kazakhstan B.V. (8,33%). акционер боп табылатын North Caspian Operating Company (NCOC) өңдейді.

Похожие материалы