Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды, Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу орнының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов бүгіннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды.
Бұған дейін бұрынғы министр сұхбаттарының бірінде жоғары оқу орнында сабақ беруге дайындалып жүргенін айтқан болатын.
«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын», – деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ бүгін Аймағабетов Amanat партиясының мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді.
Еске салайық, Асхат Аймағабетов 2019-2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.