Астана. 23 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда картоп бағасы өсті. Мұны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлшек саудагерлердің бағаны өсіруімен түсіндіреді.
Министрліктің мәліметінше, егілген алқаптың 99,8% жиналып, 3,5 млн тонна картоп алынған. Бұл 2016 жылдағы көрсеткішпен деңгейлес.
Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметінде 2017 жылы егіс 179,6 мың гектарды құраған. 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 мың гектарға аз. Қазақстан 2017 жылғы қаңтар-тамызда жалпы көлемі 107,4 мың тонна картопты экспорттаған. Өзбекстанға 106,6 мың тонна (17,3 млн АҚШ доллары) картоп жіберілген.
"Өзбекстан өздерінің алқаптарындағы картопты жинауына байланысты қазан айынан бастап олардан сұраныс азайды", - дейді министрлік.
Статистика комитеті дерегінде, маусым-қыркүйекте картоп өндірушілердің бағасы бір келісіне 49 теңге болды. Бөлшек саудада 162 теңгеден 99 теңгеге түсті. 2016 жылы бұл көрсеткіш өндірушілердің бағасы 47 теңгеден 45 теңгеге, бөлшек саудада 106 теңгеден 81 теңгеге түскен еді.
Осылайша, қыркүйектегі баға 2016 жылмен салыстырғанда өндірушілердің өсімі 8,9%-ті, бөлшек саудада 22%-ті құрады. Алайда, Өзбекстаннан сұраныстың төмендеуіне қарамастан бағаның өсуі 1-17 қыркүйекте 118,7%-ке тең болған.
Министрлік бағаның өсуі тек бөлшек саудада ғана байқалатындығын айтады.