Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қашып жүрген қазақстандық банкир ұсталды

Қашып жүрген қазақстандық банкир ұсталды

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Жеті жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық банкир Қазақстан-Ресей шекарасында ұсталды. Бұл туралы alau.kz хабарлады.

23 наурыз күні күдікті танысымен бірге «Infiniti» жеңіл автомобилімен Ресей шекарасын кесіп өтеді. Қазақстан шекара қызметкерлері оның төлқұжатынан күдіктенеді. Өйткені құжат Өзбекстан азаматы Мақсат Айматовтың атына жасалған. Құжаттың ішінде бос орын болмаған. Барлық беті визаға толы болып шықты. Шетелден шықпайтын өзбек азаматынан күдіктенген шекара қызметкерлері мұқият тексерістен кейін құжаттың жалған екенін анықтаған.

Қостанай облыстық ІІД-де саусақ ізі бойынша дактилоскопиялық тексеру нәтижесінде оның іздеуде жүрген бұрынғы банк директоры екендігі анықталды.

Бірнеше күннен кейін Өзбекстанның жалған азаматы Мақсат Айматовтың барлық деректері Шымкент қалалық полиция қызметкерлеріне берілді.

Айта кетейік, 2010 жылы екінші деңгейлі банктің бұрынғы директорына 590 миллион теңге жымқырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Ол осы уақытқа дейін әр түрлі елдерде жасырынып келіпті. Қашқын банкирді ұстаған ресми органдар әзірге оның аты-жөнін айтпай отыр.

Похожие материалы