Алматы. 06 тамыз. 7kun.kz — "AsiaCredit Bank" АҚ Басқарма құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Басқарма құрамынан басқарушы директор, басқарма мүшесі Басамбаева Шолпан шығарылды.
Қазіргі кезде "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ Басқармасының құрамына Арифиоглу Абдуррахман Зеки, Досмухаметов Болат, Валиханова Зурия кіреді.
AsiaCredit Bank Қазақстанның банк секторындағы активтер көлемі бойынша 28 банктің ішінде 22-ші орында. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ұйымның активтері 99,7 млрд теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 15,7%-ға қысқарған.
Өз кезегінде, несие қоржынының көлемі 16,9%-ға, 54,7 млрд теңгеге дейін төмендеді, бұл ретте 90 күннен астам кешіктірілген несиелер үлесі байқалады - 21,67%.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan және Tengri Bank акционерлері Tengri Bank-ке қосылу туралы шешім қабылдаған болатын.