Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

AsiaCredit Bank ғимараты сатылымға шықты

AsiaCredit Bank ғимараты сатылымға шықты
Алматы. 2 маусым. 7kun.kz – Алматыдағы AsiaCredit Bank ғимараты мен оның қасындағы жер телімі gosreestr.kz сайтына 10 маусымда сатылатыны жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сайттағы мәлімет бойынша, сауда 634,6 млн теңгеден басталады. Бәссаудада бағаның жоғарылауы арқылы өтеді. Ал саудаға қатысу үшін төленедін кепілдендірілген сома 91,8 млн теңге.

Саудаға шыққан нысан – әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан Нұрлы-Тау бизнес орталығының 15-қабатында тұр. Жалпы аумағы – 1215,3 шаршы метр. Ал ғимарат маңындағы жер телімі де қоса сатылмақ.

gosreestr.kz сайтының мәліметінше сатылымға шыққан нысан «Даму» қорынында кепілде тұр. 2021 жылдың ақпан айында Қаржы нарығын реттеу агенттігі AsiaCredit Bank-ты лицензиясынан айырған.

Похожие материалы