Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты

Әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты

Қазақстанның зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан бұрын 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери еңбек өтілі 10 жылдан кем Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне бюджеттік қаражат есебінен ақшалай ұсталымның 20 пайызы көлемінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары тәртібі енгізілген болатын. Осы түзетулер арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, сондай-ақ 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы атақ пен сыныптық шендерді тағуға, нысанды киім киюге құқықтарынан айырылған тұлғаларға қатысты болды. Бұл ретте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса отырып, ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруды жалғастыра беретінін айта кеткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан кейін жұмыстан босатылған және еңбек сіңірген немесе жалпы еңбек өтілі 25 жыл, оның ішінде 12 жарым жылы үздіксіз әскери қызмет болса толық көлемде зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге жеткізе отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жүзеге асырылады. Мемлекет аударған жинақталымның жартысын қолданыстағы әскери қызметшілерге, толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алушыларға және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қызметке алғаш рет орналасқан және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алу құқығына ие әскери қызметшілерге қайтару қажет. Зейнетақысы толық көлемде тағайындалған қолданыстағы әскери қызметшілерге бұның еш қатысы жоқ. Олар белгіленген зейнетақы төлемдерін алуды әрі қарай жалғастыра береді.

Похожие материалы