Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аслан Сәрінжіпов сотқа тартылуы мүмкін

Аслан Сәрінжіпов сотқа тартылуы мүмкін

Парламент депутаттары білім министрінің атына полицияға арыз жазды. Алдымен арызды Бас прокуратура қарастырды, содан соң арыз Ішкі істер департаментіне жөнелтілді деп хабарлайды КТК арнасы. Депутаттар министрді көпшілік алдында тіл тигізді деп айыптап отыр.

Үкімет отырыстарының бірінде Азат Перуашев Білім министрлігінің қызметін сынға алып, мекеме басшысын ұзақ мерзімді демалысқа жіберуге болады деп мәлімдеген болатын. Бұған жауап ретінде А.Сәрінжіпов А.Перуашевті жеке бизнесмендердің мүдделерін қорғап жатыр деп айыптады. Енді тергеушілер шенеуніктер арасындағы егесті мұқият зерттеп, олардың барлық әрекеттеріне қылмыстық кодекс баптарын негізге алып, баға беруі тиіс. "Егер министр мемлекеттік бағдарламаны орындамаса, ол қолына бір шыныаяқ шаймен менің қасыма келіп, "Кешір, қызбалық жасадым" деудің орнына міндеттерін орындамағаны үшін жауап беруі тиіс. Ол депутат өз өкілеттіктерін сатады дей отыра, маған тіл тигізіп отырған жоқ, ол барлық Парламентке тіл тигізіп отыр. Мен үшін бұл жағдайда тараптардың татуласуы болуы мүмкін жайт. Бірақ ол үшін Парламент депуттатарын параға жығуға болады деген мырза депутаттар алдында өзінің эмоционалдығы, қызбалығы үшін ресми түрде кешірім сұрауы қажет", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Перуашев.

Похожие материалы