Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Асқар Мамин «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-дағы қызметінен кетті

Асқар Мамин «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-дағы қызметінен кетті

Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы компанияның директорлар кеңесінің төменде көрсетілген жаңа құрамын бекіту жөнінде шешім қабылдады:  Джон Дудас - Директорлар кеңесінің Төрағасы,тәуелсіз директор;  Ғалымжан Пірматов - Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі;  Нил Лонгфэллоу -­ тәуелсіз директор;  Расселл Бэнхам - тәуелсіз директор;  Алик Айдарбаев - Жалғыз акционер өкілі;  Бейбіт Қарымсақов - Жалғыз акционер өкілі; Қанат Құдайберген - Жалғыз акционер өкілі.

2015 жылдан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып табылатын Джон Дудас «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Осы уақытқа дейін бұл қызметті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин атқарып келді.

Похожие материалы