Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жаңа басшысы — Ғалымжан Қойшыбаевты таныстырды.
«Үкімет қаулысымен Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев Премьер-Министр Кеңсесінің басшы болып тағайындалды», — деп хабарлады Премьер-Министр.
А. Мамин Ғ. Қойшыбаевтың Президент Әкімшілігінде және Сыртқы істер министрлігі жүйесінде — елші, министрдің орынбасары болып көп жылдар бойы еңбек атқарғанын атап өтіп, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы лауазымын атқарған Д. Кәлетаев Президенттің Жарлығымен ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.