Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - Астана әкімшілігінде бірінші жартыжылдық бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы жасалды. 2018 жылдың қаңтар-маусымы мен өткен жылдың дәл осы кезеңін салыстырғанда инвестициялар 5,2% артты, деп хабарлайды Астана әкімшілігі.
«Қаланың саясаты жаппай кәсіпкерлікті қолдауға, жеке инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл бағыт қазіргі уақытта оң нәтижелер көрсетіп жатыр. Мысалы, жыл басынан Астанаға 443,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті. Орта және шағын бизнесте қолданыстағы субъекттер 106,5 мыңмен 10,7% жетті», деді Ә.Исекешев.
Орта және шағын бизнесті қолдаудың арқасында Астанада айына 2200 орта және шағын бизнес субъекттері ашылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-мамырында салықтан бюджетке 188 млрд теңге түсті.
Экономика секорында 11 046 жаңа орын пайда болды, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 18,5% көп.
Сонымен қатар, өнеркәсіп те 2,3% жоғарылайды (285,9 млрд теңге), соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп 2,6% артады.