Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана әкімдігі жылу беру маусымына толық дайын екендігін мәлімдеді

Астана әкімдігі жылу беру маусымына толық дайын екендігін мәлімдеді
Алматы. 4 қазан. 7kun.kz - Астана әкімдігінде елорданың жылу беру маусымына 100% дайын екендігі жарияланды. «Бүгінде Астананың энергетикалық кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығы жоспардағыдай орындалуда. 2 қазандағы жағдай бойынша энергия көзінің дайындығы 96%, жылу желілері – 90%, электрмен жабдықтау желілері - 99%, сумен жабдықтау - 94%», - деп хабарлады Бағдат Байсадықов. Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі жеткізілімдерді үнемі қадағалап отырады. «Соңғы 2 күн ішінде елордаға 28 вагон немесе 1942 тонна көмір келді. Оның ішінде 759 тонна Шұбаркүл бренді, 907 тонна Майқұба, 276 тонна Қаражыра. 3 қазандағы жағдай бойынша көмірдің жалпы көлемі 11 168 тоннаны құрайды», - деп қорытындылады Бағдат Байсадықов.

Похожие материалы