Астана. 14 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылдың ақпан айында Астана қаласы бойынша инфляция 0,9 пайызды құрады. Бұл туралы Астана қаласы статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы - 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 0,3%-ға, ақылы қызметтердің тарифтері 1,5%-ға өсті.
"2016 жылғы ақпанда қант бағасы - 8,9%-ға, күнбағыс майы - 5,7%-ға, қара байха шайы - 4,4%-ға, май мен тоңмай - 4%-ға, макарон өнімдері - 2,6%-ға, жармалар - 1,4%-ға, ірімшік пен сүзбе - 1%-ға, жұмыртқа - 0,8%-ға, сүт өнімдері - 0,5%-ға, тауық - 0,4%-ға, ашытылған сүт өнімдері - 0,1%-ға көтерілді. Сонымен бірге, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бағасы - 4,2%-ға, шошқа еті - 1,1%-ға, ұн - 0,4%-ға төмендеді", - делінген хабарламада.
Көкөністерден аққауданды орамжапырақ - 5,3%-ға, қызанақ - 3,8%-ға, қияр - 2,2%-ға, сәбіз - 0,9%-ға, басты пияз - 0,8%-ға қымбаттап, картоп - 3,1%-ға арзандады.
Фармацевтикалық өнімдер - 2,9%-ға, автомобильдер - 2,1%-ға, өзге де заттар, жеке басқа күтім жасайтын приборлар мен тауарлар - 1%-ға, жиһаз бен үй тұрмысына қажетті заттар - 0,5%-ға, тұрмыстық приборлар - 0,1%-ға қымбаттады. Жуу және тазарту құралдары - 0,4%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында кәріздеу тарифі - 40,3%-ға, орталықтан жылыту, ыстық су - 7,1%-ға, электр қуаты - 3,9%-ға өсіп, суық су тарифі - 3,7%-ға төмендеді. Теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің тарифтері - 3,2%-ға артты. Балабақшалар төлемі - 7,3%-ға төмендеді.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі