Астана. 22 қаңтар. 7kun.kz - Астана қаласында маршруттарды оңтайландыру аясында түнгі үш маршрутты (200, 201, 202) іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоба жол инфрақұрылымын дамыту қоғамдық көлікте халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Есіл ауданының әкімі Сабила Мұстафина. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
"Маршруттар мен бағыттар түнде жұмыс істейтін объектілер негізінде, сондай-ақ, түнгі уақытта корреспонденцияның жүруін ескере отырып жасалды», – деді Сабила Мұстафина.
Оның айтуынша, жол инфрақұрылымын дамыту және Bus Lаne жобасы аясында қоғамдық көлік үшін жеке жол жолақтарын енгізу жоспарланған, Astana School Bus мектеп автобустарын енгізу туралы мәселе қаралуда.
Аудан әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша Есіл ауданында 18,24 км жол салынып, қалпына келтірілгенін және қосылған тұрғын алаптарында жолдар мен инженерлік желілерді салу бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Фото: nur.kz