Экономика
Выбор редактора
"Астана Арланс" WSB финалын өткiзу үшiн 600 мың доллар төледi
Бүгiн Астанада WSB финалын Қазақстан елордасында өткiзу үшiн тиiстi келiсiмге қол қойылды. Айта кетейiк, бас жүлде үшiн айқас "Куба Домадорес" пен "Астана Арланс" боксшылары арасында өтедi.
"Бүгiн бiз сұлу қала Астанада ақтық сынды өткiзу бойынша соңғы келiсiмге қол қойдық. Бiз финалды осы елде өткiзуге қуаныштымыз. Сiздер бокс державаларының бiрi болып саналасыздар. Бес жыл бұрын осы жобаға қосылып, бiрден финалға өткен едiңiздер. Сiздер үлкен абыройға өздерiңiз қол жеткiздiңiздер", - дедi WSB басшысы Карим Боузиди.
Боузидидiң атап өткенiндей, WSB финалын Қазақстанда өткiзу "Astana-Arlans" клубының басшысы Серiк Сәпиевтiң iскерлiгi арқасында қол жеткiзiлдi.
"Осы iстiң басы-қасында ебек еткен, келiссөздерге қатысқан барлық адамдарға алғыс айтамын. Карим Боузидиге үлкен ризашылық бiлдiремiз. Бүгiн Юрий Мельниченконың туған күнi, құттықтап қоялық. Ақтық сын жайлы айтсақ, бұл кездесу ең маңызды матч және осы маусымдағы ең ауыр жұдырықтасулардың бiрi болмақ", - дедi С. Сәпиев.
WSB финалын өткiзу үшiн АИБА-ға регламент бойынша 600 мың доллар төлендi. Сәпиевтiң айтуынша, тағы қосымша шығындар болады. Жеңiс үшiн команда 500 мың АҚШ долларын алады.
Ақтық сын 20-21 маусымда өтедi.
Ақпарат көзі: kazinform