Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана қаржы орталығы жұмысын бастады

Астана қаржы орталығы жұмысын бастады

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ресми түрде іске қосылып және компанияларды тіркеуді бастағанын хабарлайды. Бұл жайлы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«АХҚО инвестициялық және активтерді басқару, қорларды басқару және әкімшілік ету, кастодиандық қызметтер, исламдық қаржыландыру және өкілдіктерді қоса алғанда, қызметтердің кең спектрін лицензиялайды», - дейді қаржы орталығы.

Бұдан бөлек, АХҚО аясында, посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын коммерциялық құқықтары мен  Нью-Иорк, Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты көшбасшы әлемдік қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген арнайы жеке құқықтық юрисдикциясы енгізілді. Коммерциялық және азаматтық дауларды, сондай-ақ халықаралық арбитраждық орталықты қарау үшін АХҚО тәуелсіз соты құрылды.

АХҚО базасында үздік әлемдік стандартқа сәйкес келетін, жоғары технологиялық биржалар (әрі қарай AIX) -  әрекет етеді. AIX -тің стратегиялық серіктестері - Шанхай қор биржасы және NASDAQ.

«Астанаға  халықаралық сарапшыларды тарту үшін экспат-орталық құрылды. АХҚО бір терезе жүйесін, визаларды берудің жеңілдетілген режимін, тіркеуді, жұмысқа рұқсаттарды алуды және басқа да рәсімдерді қамтамасыз етеді», - деп атап өтті халықаралық орталық.

АХҚО дамуының негізгі стратегиялық бағыттарына -  капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың байлығын басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру туралы конституциялық заңға қол қойды. АФСА-ның  мақсаты - қаржы қызметтерінің  халықаралық  деңгейдегі  жетекші орталығын құру.

Похожие материалы