
Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Үкімет Астана әуежайының бизнес-терминалын жалға беруді жоспарлап отыр.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға «Astana Aviation Services» ЖШС-мен жалпы ауданы 2 652,2 шаршы метр бизнес-авиация терминалын жалға беру кем дегенде бір жыл мерзімге пайдалану құқығына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу бойынша мәміле жасауға рұқсат етілсін (кадастрлық нөмір) 21:320:054:330:119)», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Қаулы жобасы 1 сәуірге дейін жария талқылауға шығарылды.