Экономика
Астана әуежайына 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Астананың халықаралық әуежайына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты монополияға қарсы заңдылықтың бұзылуына тергеп-тексеру жүргізді.
"Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері келесі әрекеттерінде анықталды: үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде, такси қызметін көрсету үшін Әуежайдың вокзал алды алаңына құқықты шектеу, алаңның бірінші белдеуі бөлігінде, таксидің диспечерлік қызметін ұшып келу залына орналастыру үшін орын беру, бөлек шығу жолы, аэропорт сайтында ол туралы ақпарат орналастыру жолымен тұтынушыларға әр түрлі жағдайды қолданумен көрсету", - делінген хабарламада.
Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-на монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің 5%, 16 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.