Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz –30 қаңтардағы жағдай бойынша Еуразиялық банк-агент арқылы "Астана банк" АҚ салымшыларына 30,7 миллиард теңге төленді. Бұл міндеттемелердің жалпы сомасының - 82%-ы, деп мәлімдеді Қазақстаннның депозиттерге кепілдік беру қоры(ҚДКҚ).
26 қаңтар күні Еуразиялық банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемдерді төлеуді бастады. Өтем жинақталған сыйақыны ескере отырып, «Астана Банкі» АҚ-да ашылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салымдары, ағымдағы шоттары және төлем карточкалары бойынша – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан төленеді.
Еуразиялық банктің филиалдық желісіне қосымша жеті қалада: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Атырау қалаларында арнайы құрылған төлем орталықтары жұмысын жалғастырып жатыр.
Төлемдер басталған сәтте «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы сомасы 37,5 миллиард теңгені құрады.
Банк-агентке «Астана Банкі» АҚ-ның 30 мыңнан астам салымшылары жүгінді, оның ішінде 18,5 мың адам – Алматы, Астана және Шымкентте - 12,2 мың адам.
ҚР-ның әрбір облысында қазірдің өзінде өтелген салымшылар алдындағы міндеттемелердің үлесі 75%-дан асады.
«Астана Банкі» АҚ-ның 267 420 салымшысының депозиттеріне толық көлемде кепілдік беріледі. Бұл салымшылар агент-банкте жинақталған (капиталдандырылған) сыйақыны ескере отырып, депозиттің толық сомасына өтем алуға құқылы.
Салымшыларға өтемақы төлеу 2019 жылдың 26 шілдесіне дейін Еуразиялық банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерінде жалғасады.