Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Астана банкі" биржада шетел валютасымен сауда жасаудан шеттетілді

"Астана банкі" биржада шетел валютасымен сауда жасаудан шеттетілді

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан қор биржасы (KASE) 13 қыркүйектен бастап «Астана банкін» биржада шетел валютасымен жасалатын саудаға қатысудан шеттетті. Бұл туралы биржаның ресми сайтында хабарланды.

«Биржа басшылығының 2018 жылдың 13 қыркүйегіндегі шешімі бойынша, «Астана банкі» АҚ-ның «валюта нарығына клирингтік қатысушы» санаты бойынша клирингтік қатысушы мәртебесінің әрекет ету мерзімі тоқтатылды» деп хабарлады KASE.

Банк 22 сәуір мен 2 мамыр аралығында жеке тұлғалардың банктен ақшасын алуы мен ақшалай аударым жасауына шектеу енгізген болатын.

29 мамырда Қазақстан Ұлттық банкі "Астана банкінің" лицензиясын тоқтатқанын хабарлаған.

Похожие материалы