Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана Банкі KASE-ге қарапайым акция орналастыру арқылы 6,5 млрд теңге тартты

Астана Банкі KASE-ге қарапайым акция орналастыру арқылы 6,5 млрд теңге тартты

Астана. 30 маусым. 7kun.kz - "Астана банкі" Қазақстан қор биржасында (KASE) 5,6 млн қарапайым акцияларын орналастыру арқылы 6,5 млрд теңге қаражат тартты. Бұл туралы банк басқармасының төрағасы Ескендір Майлыбаев хабарлады.

"Алғашында индикативті баға әр акцияға 1150 теңге болған. Біз 2,6 млн дана акцияны орналастырмақ болдық. Нәтижесінде біз 6,5 млрд теңге сомада 5,6 млн дана акция орналастыратын болдық", - деп атап өтті банк басшылығы.

KASE-нің дамуы жөніндегі басқарма директоры Қайрат Тұрмағамбетовтың мәліметінше, барлығы 1831 өтініш түскен. Оның ішінде 1806-сы белсенді деп танылды.

"Брокерлік компаниялар тарапынан түскен сұраныс 3,1 пайызды құрады. Заңды тұлғалар тарапынан түскен сұраныс 4,3 пайыз, ал жеке тұлғалар сұранысының үлесі 92,6 пайыз. Акцияларды орналастыруға KASЕ қор биржасының 13 мүшесі қатысты. Нәтижесінде орналастыру көлемінен жеке тұлғалардың есепшотына 93,5 пайыз, брокерлік компанияларға 3,3 пайыз, заңды тұлғаларға 3,3 пайыз қаражат тартылды",- деп атап өтті Қайрат Тұрмағамбетов.

Майлыбаевтың сөзінше, тартылған қаражат банктегі технологиялық процестердің дамуына жұмсалады. Олар: карточка бизнесі технологиялары, мобильді банкинг технологиясы және қашықтықтан қызмет көрсеті каналдары.

KASE-нің мәліметінше, "Астана банкі" АҚ қарапайым акцияларының жалпы көлемі 32 млн дананы құрайды. Оның ішінде 29 млн 733,8 мыңы орналастырылды.

Банк акцияларын орналастырудағы кепілгер және маркет-мейкер - "Фридом Финанс" АҚ болып саналады.

Айта кетейік, Халық банкінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың І тоқсанында "Астана банкі" активтерінің көлемі бойынша 18-ші орынға тұрақтаған.

Похожие материалы