Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Астана» ХҚО жанындағы тәуелсіз сотты кім басқаратыны белгілі болды

«Астана» ХҚО жанындағы тәуелсіз сотты кім басқаратыны белгілі болды

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанындағы тәуелсіз сотты кім басқаратыны белгілі болды. Қазақстанда Ұлыбританиялық бас соттың экс-лорды, судья Гарри Кеннет Вульфтің басқаруымен коммерциялық сот жұмыс істей бастайды, деп жазады The Times.

Сот «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанынан ашылады. Мұндай соттар Сингапур, Гонконг, Дубай, Абу-Даби, Катарда жұмыс істейді.

Айта кетейік, лорд Вулф Англия мен Уэльстің Жоғары сотын басқарған.

«Мұндай сот Еуразияда біріші рет іске қосылады. Қазақстан Ресей мен Қытаймен шектеседі. Қытай осы ел арқылы өтетін жаңа Жібек жолын салып жатыр. Сондықтан жаңа соттың жоғары жетістіктерге жету мүмкіндігі жоғары», - дейді лорд Вульф.

The Times-тің жазуынша, судьялардың барлығы Британиядан келеді. Өйткені «Астана» ХҚО англиялық құқық негіздеріне сүйене отырып жұмыс істейді. Англиялық құқықтың таңдалуына себеп – әлемдегі шарттардың 70 пайыздан астамы осы құқық негіздеріне сүйенеді.

Судьялар мен адвокаттардың қатарында сэр Робин Джейкоб (Robin Jacob), сэр Стивен Ричардс (Stephen Richards), сэр Джек Битсон (Jack Beatson), сэр Руперт Джексон (Rupert Jackson), адвокат лорд Фолкс (Lord Faulks), королевский адвокат Эндрю Спинк (Andrew Spink), адвокат Том Монтегю-Смит (Tom Montagu-Smith) пен Патриция Эдвардс (Patricia Edwards) бар. Судьялар Қазақстанға жылына бес рет келеді. Олар қазақстандық жалау түстес алтын аралас көк түсті мантия киеді.

Айта кетейік, «Астана» ХҚО жанындағы сот пен арбитраждық орталық қаңтар айының басында жұмыс істей бастады. Халықаралық арбитраждық орталықты да Британия азаматшасы адвокат Барбара Дохманн басқарады. Халықаралық қаржы орталығының жанынан сот пен арбитраждық орталықтың құрылуына басты себеп – егер қауіпсіз орта мен тәуелсіз сот бар болса, инвесторлардың сенімі жоғары болады.

Похожие материалы