Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Astana Hub Google for Startups-тың Орталық Азия өңіріндегі алғашқы серіктесі болды

Astana Hub Google for Startups-тың Орталық Азия өңіріндегі алғашқы серіктесі болды

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz - 2022 жылы сәуірде Astana Hub Google for Startups-пен әріптестік туралы келісімге қол қойды және Орталық Азия өңіріндегі алғашқы серіктес болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Astana Hub GfS-пен бірлесіп Орталық Азия өңіріндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), Әзірбайжан және Моңғолия стартаптар үшін акселератордың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Биылғы жылы Product/Market Fit сатысындағы стартаптарға акселерацияның екі ағыны жоспарланып отыр. Олардың әрқайсысы Нұр-сұлтан қаласында оффлайн форматта өтеді. Оған 15 стартапқа дейін қатыса алады.

Өз кезегімен, GFS серіктестік шеңберінде Google сарапшыларының бірегей шеберлік-кластары мен жеке менторингіне қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ, өзінің платформасы мен әлеуметтік желілеріндегі қызықты кейстерге PR-қолдау көрсетуге дайын.

Похожие материалы