4 желтоқсан күні ІІІ Астана Интернет форумы өтеді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы баспасөз орталығында өткен брифингте форум ұйымдастырушылары айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Форумның өтуіне «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, шараға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры да ресми қолдауын білдірді», - деді Д.Алан.
Оның айтуынша, интернет форум аясында қазақ тілді сайттардың түрлі номинациялар бойынша марапатталатынын да атап өтті.
«Биылғы форум тақырыбы – ақпараттық кеңістіктігіміздің қауіпсіздік мәселелеріне арналады. Сонымен қатар, журналистика мәселелерін зерттеу институтының құрған Sanaq.kz электронды база жүйесі арқылы қазақтілді сайттардың рейтингі нәтижесі келесідей номинациялар бойынша үздік сайттар анықталып, марапатталады. Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы, форум аясында Петропавл қаласынан келетін «Arta Robotics» тобы ұсынатын роботтар көрмесі өтеді», - деді ол.
Фото: vk.com