Астана әкімдігі мектептегі сабақ кестесін ауыстыру туралы ұсынысынан бас тартқан жоқ
15 сентября, 2015
Астанада жұмыс кестесімен қоса, мектептегі сабақ кестесін өзгерту туралы ұсыныс әлі де талқыланып жатыр. Бұл туралы мемлекеттік мекемелерді, орталықтарды жаңа ауысымға ауыстыру туралы баспасөз конференциясында білім басқармасының жетекшісі Эльмира Субханбердиева мәлімдеді деп жазады Today.kz.
"Бастысы біз кестені өзгерту туралы ұсынысты бердік. Ата-аналарды тыныштандыру мақсатында қазір сауалнамалар алынып жатыр. Егер мектеп ұжымына қатысты кесте өзгеретін болса, бұл да қатар жүреді. Осы тәртіп бойынша жұмыс жасай аламыз деп ойлаймын. Бір айта кететін жайт, ұсыныстың бірінші сынып оқушыларына қатысы жоқ. Ешқандай заң бұзушылық болмайды", - деп хабарлады Эльмира Суханбердиева.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Астана әкімдігі 14 қыркүйектен бастап қаланың көше-жол желісіне түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында мектептегі бірінші ауысымды сағат 7:40-қа бастау туралы ұсыныс жіберген. Алайда, ата-аналар мен балалар дәрігері, психотерапевтер ұсынысқа қарсы нақты дәйектемелер келтірді. Айтуларынша, жаңа ереже баланың денсаулығына тікелей әсер етеді.
Ал, ғылым және білім министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа бастама әлі де ретке келетінін, қажет болса шыдау керектігін айтты. Астана Прокуратурасы да сабақ кестесін өзгерту туралы бастамаға тексеру жүргізіп, шенеуніктерге ұсыныстың заңға қайшы екенін ескерткен еді.