
Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — "Астана LRT" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеушілері" Астана LRT " басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғады. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазір Интерпол бұл мәселемен айналысып жатыр", - деді Бекмырза Игенбердинов Үкіметтегі брифингте.
Талғат Ардан 2017 жылы 27 шілдеде қызметінен босатылды.