Астана. 12 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Сауд Арабиясы корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед Аль-Фалихпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ОПЕК елдерімен және ОПЕК-ке кірмейтін елдермен мұнай нарығындағы тепе-теңдікті сақтау үшін Қазақстан мен Сауд Арабиясымен қабылданатын күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Қ. Бозымбаев 2017 жылы Қашаған ірі кен орнының біртіндеп жандануына қарамастан, Қазақстан мұнай өндірудің басқа секторларында өндірісті қысқарту есебінен, тамызда өндірістің алдын-ала келісілген деңгейіне толық орындағанын айтты.
Аль-Фалих мырза мұнай өндірудің деңгейін қысқарту туралы келісім бойынша ОПЕК және ОПЕК+ елдерінің арасында қабылданған міндеттемелерді орындауда Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.
Сондай-ақ мұнай өндірудің деңгейін қысқарту туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі нарық конъюнктурасына сәйкес қажеттілігі бойынша қаралатындығы айтылды.
2016 жылдың соңында Венада ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін елдер қазандағы деңгейден тәулігіне 1,8 миллион баррель мұнай өндіруді қысқартуға келіскен. Келісім бойынша өндіру мерзімі 2018 жылдың наурыздың соңына дейін ұзартылған.
Айгүл Хожантаева