Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана мен Алматыда үйді жалға беру қанша кіріс әкелді

Астана мен Алматыда үйді жалға беру қанша кіріс әкелді
Алматы. 12 қараша. 7kun.kz -  Астанада тұрғын үйді жалға беруден түскен кіріс 9%–ға, Алматыда – 8%-ға бағаланды. Бұл көрсеткіштер тек Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар шетел мегаполистерімен салыстырғанда да ең жоғары болып табылады. Бұл туралы Halyk Finance шолуында хабарланды. Бұл факт жалға берілетін тұрғын үй нарығының дамымағандығын дәлелдейді, дейді сарапшылар. Әдетте, дамыған елдерде жалдау табыстылығы депозиттер бойынша мөлшерлемеден жоғары, ал Қазақстан мен Ресейде кері көрініс пайда болды. «Жалдау сегментінде негізгі өзгерістер астаналық нарықта болып, 2017 жылы жазда басталған жалдау құнының көтерілуі жалғасты. Нәтижесінде оның мөлшері 9% көтеріліп, 2018 жылы шаршы метр үшін 2,8 мың теңгеге дейін өсті. Алматыда жалға беру нарығында биылғы жылдың басында аздаған төмендеу байқалды, ол ІІІ тоқсанда 1% өсімге ауысты. Өңірлерде тұрғын үйді жалға алу құны өзгермегенін немесе шамалы көтерілгенін ескере отырып, Астана халықты белсенді түрде тартуды жалғастырды деп болжауға болады, бұл жалға алу ставкаларының жылдам өсуіне әкеп соқты», - деп нақтылады сарапшылар.

Похожие материалы