Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды – видео

Астана мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды – видео

Астана. 22 қазан. 7kun.kz Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қала тұрғыны мешітте ұялы телефоны ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Оның айтуынша, ол ұялы телефонын алыс бөлмеге қуат көзіне қойып, қайтып келгенде таппай қалған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер күдіктіні анықтады, ол көпшілік намаз оқып жатқан кезде телефонды алып, мешіттен шығып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонды күдікті сатып үлгерген.

Полицейлер оның мешітте ұрлық жасаудың тағы екі фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Гете көшесіндегі мешіттен күртешенің қалтасынан ол ұялы телефонды және Қабанбай батыр даңғылындағы мешіттен ұялы телефон мен құлаққаптарын ұрлаған.

Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://www.youtube.com/watch?v=-knnYn7JYi4&t=1s

Похожие материалы