Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана-Шортанды ақылы жолынан 1 млрд 142 млн теңге қаражат жиналды

Астана-Шортанды ақылы жолынан 1 млрд 142 млн теңге қаражат жиналды

2015 жылдың нәтижесі бойынша "Астана-Шортанды" ақылы жолы арқылы 1 млрд 142 млн теңге қаражат жиналды. Көрсеткіш жоспарланған қаржыдан 13 млн теңгеге артық, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.

Компания атап өткендей, жиналған қаржы автобанды қайта жөндеуге және төлемді өндіру жүйесін жүзеге асыруға бағытталды.

Орташа тәулік бойы жүріп өтетін жалпы көлік саны - 7 мың, ал жыл бойы ақылы жол арқылы 2,5 млн көлік жүріп өткен. Күнделікті кіріс 3,1 млн теңгені құрайды.

2014 жылмен салыстырғанда транспорт ағыны 2015 жылы 4,9%-ға артып, қаржы көлемі  7,2%-ға өсіп отыр.

"Сондай-ақ, қолма-қол төлемнен бөлек QIWI және «Касса 24» терминалдары арқылы жылдамдатылған төлем жасау жүйесі енгізілді. Бұл бойынша арнайы жолақтар енгізіліп, төлем пунктінде тұратын көліктердің саны азайды. Күніне терминал жүйесі арқылы 700-ге жуық автокөлік өтеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото:kazautozhol.kz

Похожие материалы